Үмітім менің алданды – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үмітім менің алданды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 986
Үмітім менің алданды,
Жанымның гүлі тұр жылап.
Жалпағынан басып жалғанды,
Қарайсың салқын, тұнжырап.
Өкпе айтам, несін тағдырға,
Жұлдызды өптім, айды өптім.
Қосылып жасым жаңбырға,
Жуып тұр кірін әйнектің.
Өткенге бүгін күйініп,
Көктемге қарай сырғиын.
Өкінішім ұршық иіріп,
Ішімде соғар мың құйын.
Үмітім менің алданды,
Қабағымнан бұлт аулап.
Сезімді сәттік малданды,
Көз жасымнан күлкі аулап.
Қайтсын ол, мұңын өзгенің
Бір түнді қуып, бір түнім.
Үмітсіз қарап көздерім,
Сыпырар сәуле кірпігім.
Сәттерім, қалай тез өтті,
Сүймесе, неге жымиды?
Өкініш өртеп, өзекті,
Өзектен бір жел ұлиды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері