Түспейді сәуле күн жақтан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Түспейді сәуле күн жақтан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Түспейді сәуле күн жақтан,
Жұлдызым менің жүр жанбай.
Көңілсізбін, зіл батпан –
Еңсемді басып тұрғандай.
Қабағы таудың мұң артып,
Шаштарын бұлттар тарайды.
Аспанның жүзі мұнартып,
Мұнартып гүлдер қарайды.
Ұқтырып көп сыр жол тілі,
Үміттің отын жағады.
Бұлақтың тентек толқыны,
Жағаға басын соғады.
Кешегі іздер өшеді,
Өлмейтін өмір таба алмай.
Жылаған бұлттар көшеді,
Күн көзін мәңгі жаба алмай.
Берілем арман-қиялға,
Жалғасып таңға сан кешім.
Қияр ма маған құяр ма,
Ұлы күн сынған сәулесін?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері