Заула, тұлпар уақыт ертеңіме – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Заула, тұлпар уақыт ертеңіме» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1256
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, ертеңіме,
Қиял-ғажап шежіре шертеді ме?
Болатын бір бақытқа ертегіде,
Жеткіз мені жалыңнан мен ұстадым,
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, ертеңіме!
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ,болашаққа!
Арманым биік еді бала шақта,
Өмірге бала болып қарасақ па?
Жеткіз мені сол арман шыңдарына,
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, болашаққа!
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ,келешекке,
Алары бар, өмірге берешек те,
Халқына мәңгі қарыз – мені есепте.
Аманат жырым саған, жеткізгейсің,
3АУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, келешекке!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері