Сыр

Бұл бетте «Сыр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Таңымдай қуанышым бар осында,
Жанымдай жұбанышым бар осында,
Арымның шамшырағы бар осында,
Қанымның тамшылары бар осында,
Сезімнің дала шығы бар осында,
Көзімнің қарашығы бар осында,
Көңілдің көктемдері бар осында,
Өмірдің өткелдері бар осында,
Туған ел шапағатың бар осында,
Өзіңе махаббатым бар осында,
Көңілдің күрсінгені бар осында,
Жүректің дүрсілдері бар осында,
Тоғысар өзіңменен туды таңым,
Қолыңда — тағдырымдай жыр кітабым.
Енді өзіңнің кеудеңде тамыр жайсын
Жүрегімнен үзілген бір бұтағым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері