Гулиа, келдік біздер Кавказыңа – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Гулиа, келдік біздер Кавказыңа» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 969
Дмитрий Гулиаға

Гулиа, келдік біздер Кавказыңа,
Ақ басты ала таулы Абхазыңа,
Мырзалығы ұстаған кезге тап боп,
Табиғат берген екен бақ қазына.
Биік пен тереңдікке құмар мекен,
Ақындық табиғатың құнарлы екен,
Біріне-бірі ілескен альпинистей
Талдарың тауға өрмелеп тұрар бекем!
Толқындар жартасты ұрар шалқып тасып,
Жағамен ойнап жатыр малтып қашып,
Гулиа, сенің екі қанатьыңда,
Тауың мен теңіз тұрар қолтықтасып.
Сенің туған жеріңде келем бүгін,
Сезініп туған елдің ерендігін.
Кавказдың шыңдарындай еңсең биік,
Тұңғиық Қара теңіз тереңдігің.
Ақынның еркіндігін сан құптасып,
Толқындай жартасты ұрсам шалқып тасып,
Сен ұйықтап жатқан кезде жүргім келді,
Тауың мен Теңізіңмен қолтықтасып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері