Адамы болдым сезімнің – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Адамы болдым сезімнің» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Адамы болдым сезімнің,
Көңілім — күй,
Көзім — мұң,
Жерде қалған жері жоқ,
Сырды ашып айтқан сөзімнің!
Адамы болдым қиялдың,
Оған да кейде ұялдым.
Құстары сайрап жатады,
Қиялға толы ұямның!
Адамы болдым Адамның,
Жолдарым — жарық,
Таң — алдым,
Тұлпарын ерттеп
Мен міндім,
Дүбірлі-күйлі даламның!
Тұлпарын міндім елімнің,
Тұлпарын міндім сенімнің.
Өмірді жырлап өтем мен,
Адамы болып Өмірдің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері