Өлең, жыр, ақындар

Қос қыран

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 2150
Майданда аман жеткен жеңіс күнге,
Тілдессе шешенсімес тегі ешкімге.
Бар еді аулымызда бір балықшы,
Көп өмірі өтетін көл үстінде.
Тіршілік шуағына оранбапты,
Тағдырына соғыпты боран қатты.
Бар екен ерте есейген қос перзенті,
Өзі қайтқан соғыстан оралмапты.
Балықшы ризалығының құтын көппен,
Көретін қысы-жазы, бүкіл көктем.
Жетім шал, жетім кемпір атанса да,
ТіршіліктІң ошағын түтіндеткен.
Ауылдың ырысы етіп балық, көлді,
Ау салып, дәміменен жарытты елді.
...Бір күні көлден ұстап екі бірдей,
Бүркіттің балапанын алып келді.
Тұратын балапандар торда асылып,
Бүрердей ұмтылатын қолға ашынып.
Баласыз үй балаға толды-ау дейсің,
Ауыл-аймақ баласы сонда асығып.
Жетім кемпір атанған балаға зар,
Енгендей болды-ау дейсің анаға ажар.
Даланың тағысына таңсақ құмар,
Сол үйде болып алды бала базар.
Қолымызда жеміміз, дәніміз де,
Тамақ беру таңсық қой әрі бізге.
Қызық көріп өткіздік сол бір үйде,
Балалықтың бір жылын бәрімізде.
Жиналамыз, келгесін сабақ барып,
Аңдайтын кез бе, сірә, қабақ танып.
Бүркіт көріп біз өссек бала шақта,
Кемпір-шал қалады екен қанаттанып.
Бір себеп болды ма әлде аңдағаны,
Әлде осы ма тағдырдан таңдағаны.
Балықшы шал ұшырды қос қыранды,
Жинап алып бір күні бар баланы.
Қос қыран кете барды қанат қағып,
Көгілдір аспанына жаңа аттанып.
Сол құспен бірге ұшып бара атты,
Балалық сезімдердің бәрі аттанып.
Ал, қазір ойлап тұрсам, ағып үркіп,
Қолынан ұшып шығып қағып жұлқып.
Тым қатал тағдырындай жетім шалға,
Бір бұрылмай кетті-ау сол, тағы бүркіт!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заула, тұлпар уақыт ертеңіме

  • 0
  • 0

ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, ертеңіме,
Қиял-ғажап шежіре шертеді ме?
Болатын бір бақытқа ертегіде,
Жеткіз мені жалыңнан мен ұстадым,

Толық

Күлкі күні

  • 0
  • 0

Қуаныш, күлкі аулына сенімді күн,
Әзіл-қалжың сыйлайтын көріндігін,
Бірінші Сәуір – Көпеннің күні,
Он бесінші сәуір – менің күнім.

Толық

Баласы екен Шектінің

  • 0
  • 0

Баласы екен Шектінің,
Баласы екен Тектінің,
Текті болсаң текті бол,
Болса-дағы көп мұңың,

Толық

Қарап көріңіз