Мейірім – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Мейірім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 4020
Мейірім көрдім күллі әлемнің көзінен,
Мейірім сездім күллі адамның сөзінен.
Тіпті, анау қара тастың өзінен
Туған жердің жылылығын сезінем.
Мейірім көрдім жапарынан, жүзінен,
Адамдардың қадамынан, ізінен...
Содан дүниенің көзінен
Мен үзілсем – мейірім болып үзілем!
Жақсылармен, жайсаңдармен жанасып,
Жұдырықтай жүрегіммен жарасып.
Жұмылғанша жияр күллі мейірімді,
Қос жанарым құйттай қайран қарашық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері