Өлең, жыр, ақындар

Аралға хат

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1377
Сырдан алсаң өмірдің қайнар басын,
Айдыныңа неге құс айналмасын.
Ақынның арманына сай болғасын,
«Толқыны көкке ұмтылған Аралым» деп
Толғанып тебіренген қайран Қасым.
Арал, сенің шағалаң шарқ ұратын,
Дүлейлі толқын әлі даңқың, атың.
Теңізге төгіп өтіп бар қуатын,
Жүрегімен жыр жазған Сырбай сарбаз,
Шалғаннан шалқарыңды шалқып ақын.
Ел дейтін,елім дейтін, қуанатын,
Өлеңнің майданында ту алатын.
Тұра алмас сені көріп дуалы ақын,
Аралым, аруына жырың шашқан,
Ғашық боп толқыныңа Қуан ақын.
Тамбай ма, нөсерлесе, тамшы көлге,
Ердің жайын ойлайтын қамшыл елге.
Бір келіп толқынды елге, әншіл елге,
«Бақыттың құшағында» тербетіліп,
Әсем сазбен оралған Шәмшілер де.
Толғанбай адам жаны тұра алар ма?
Теніздің толқын — көркі, ұнағанда.
Домбыраның құлағын бұраған да,
Аралдық жеңешеме ән арнаған,
Әуеннен балқып-еріп Нұр ағаң да!
Бергендей теңізіме далам көрік,
Ойлардай болашағын бабам көріп.
Ат арытып, алыстап Арал келіп,
Көсемнің хатыменен сырласуға,
Теңіздей толқып қайтқан, Ғабаң келіп...
Өзіңнен не сырым бар жасыратын,
Арманның иығына асылатын.
Алдыңа тізе бүгіп, бас ұратын,
Мен-дағы Сырдарияң толқып-ағып,
Өзіңе жеткенше бір асығатын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ар мен намыс

  • 0
  • 0

Бәрібір жақын-алысы,
Болмасын, Достым, қай елде.
Ерінде —
Халық намысы,

Толық

Сыңсып қайың тіл қатпаған

  • 0
  • 0

Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күн батпаған.
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.

Толық

Қариям

  • 0
  • 0

Үлкендік деген,
Кісілікке бастайтын жол,
Үлкендік деген,
Асып та таспайтын жол.

Толық

Қарап көріңіз