Көрдің бе сен Жылыойды?

Бұл бетте «Көрдің бе сен Жылыойды?» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Көрдің бе сен Жылыойды?
Бір ой қозғар бір ойды.
Шөл далаға сапар кешу – қорқыныш,
Шөл далада қалсаң жалғыз – үрейлі.
Шөлейт асып, өткелдерден өтерсің,
Шөл далаға шыдай алсаң жетерсің,
Шөл далада ғұмыр кешсең азырақ,
Көп ұзамай сүйіп мәңгі кетерсің.
Шөл даламда – күңіренген толғаныс,
Бізді жолға алып шыққан сол намыс.
Қиын қыстау кезеңдерде сенімді
Шөл даламыз болды бізге қорғаныш.
Кең далада өксік басқан жел ғана,
Қай майданда еңіреген ел ғана,
Қазақтардай момын сұлу елікті,
Азулыдан сақтап қалған шөл дала.
Шөлейт кешіп болсаң егер бір рет,
Айналаңда көз жеткізсіз құдірет.
Шөл далада – Құдай берген табиғат,
Тәңір өзі сүйіп салған сурет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрдің бе сен Жылыойды? өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Көрдің бе сен Жылыойды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрдің бе сен Жылыойды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрдің бе сен Жылыойды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері