Самал жел
Бұл бетте «Самал жел» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жібек желім, өзің ашып ұйқы әнін,
Дәм келгендей таңдайыма құйқаның,
Жел – анамның алақанын жеткізіп,
Желпіп-желпіп маңдайымды сипадың.
Жұмбақ әлем – құдіретті көк біздің,
Осы көкке қараумен күн өткіздім.
Жел анамдай маңдайымды сипаумен,
Ақша бұлттай, ақ сәлемін жеткіздің.
Желдей дүние аралауға бекіндім,
Желге қарап өсуменен жетілдім.
Жел анамдай, жүрегімді сипаумен,
Жүрегімнің талай дертін кетірдің.
Жақсыларды жел қанаты тізе бер,
Жамандықты жел өтімен үзе гөр.
Жел аман бол, Жер бетінде айналып,
Көрінбейтін аққу болып жүзе бер.
Желге қарап, құшағымды жайғанмын,
Теңіз желі, құдіретіңе қайранмын.
Анамдай боп маңдайымды сипаған,
Құдіретті желден бүгін айналдым.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі