Көктегі биіктермен теңесіп ем – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Көктегі биіктермен теңесіп ем» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Көктегі биіктермен теңесіп ем,
Желгенде жан-жағымнан жел есіп ең.
Балалық шақ өмірге сапар кешті,
Түйе дейтін жол дала кемесімен...
Нанбайсың ба, білмеймін, нанасың ба?.
Көз қадап аққулардай сан асылға.
Аруана нарлардай шөлдеп жүрем,
Теңіз-дария, өзен-бұлақ жағасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері