Жалғыздық – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 818
Аспанда – айым, көкте күнім байқаған,
Сезді жаным теңіз толқын шайқаған.
Жалғыз жүрек сенен тауып егізін,
Қош айтысып, жалғыз еттің қайтадан.
Қайық толқып, алыстатты араны,
Қимай-қимай сәл бұрылып қарады.
Тағдыр дауыл көк теңізді тербеумен,
Жалғыз желкен сенен ұзап барады.
Құпиясы ішінде көп жандардың,
Таңырқадым тағдырға осы таң қалдым.
Бірге кетті жүрегіңмен жүрегім,
Жалғыздықтың құшағында мен қалдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері