Өлең, жыр, ақындар

От жалын ой өртеп ішті

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2727
От жалын ой өртеп ішті,
Жай таптырмай жаныма.
Өткізумен ерте - кешті,
У жайылды қаныма.
Ойда - қырда, оңда - солда,
Жұбатар зат таппадым.
Ойдағы іс келсе оңға,
Бұрқ етпекші жас қаным.
Өмір шіркін оны күтпей
Бара жатыр сырғанап.
Жұртта қалған бір күшіктей,
Нақақ тарттым құр азап.
Құрдастардың бәрі - дағы,
Бала сүйіп жар құшып.
Ыңғайлады шаруаны,
Көжесін ғып, малта ішіп.
Айтын айттап, тойын тойлап,
Қан сонарда аң қуып,
Бас қатырмай болмасты ойлап,
Жылы пешке жүр жуық.
Бала сүйіп, жар құшып,
Шаруадан мен аулақ.
Дамыл таппай, от жұтудан,
Өр жүрегім жүр даулап.
Асықпасын бұл қаскүнем,
Еркін маған бір тиер.
Сонда жалған бар жанымен,
Алдыма кеп бас иер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен саған жат қыр баласы

  • 0
  • 0

Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.

Толық

Кім бар

  • 0
  • 0

Арыстанбыз алысқан алмай қоймайтын,
Аш бөріміз ағызса қанға тоймайтын.
Қолда қуат, бойда сымбат, жүректе от,
Жас батырмыз мыңға жалғыз болмайтын.

Толық

Жаз

  • 0
  • 0

Қыстың қары, аяздың зәрі батқан,
Қар мен мұзға көміліп біраз жатқан.
Жер жаңарып, жан бітіп табиғатқа,
Бәйшешегі бұраңдап жайнаң қаққан.

Толық