Мені ойға батырған – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Мені ойға батырған» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 772
Мені ойға батырған,
Қонатындай бақ кенет.
Медет деген атыңнан,
Айналайын, ақ Медет!
Медет болып атандың,
Қос атаңнан бата алдың.
Өзі қойған аты бұл,
Нұрлыхандай Атаңның.
Бүршік жарды ойым гүл,
Туған сонау күніңнен.
Тұсау кесер тойың бұл,
Атта қадам бүгіннен!
Ұлы жерде табаның,
Қиял кезіп бір құс жүр.
Алғашқы бұл қадамың,
Ұлы қадам тұңғыш бұл!
Ақыл-ойлы адамнан,
Қашар дейсің жол қайда?
Алғашқы бұл қадамнан,
Жолың ұзақ болғай да.
Тұңғыш жерде табаның,
Қаз-қаз басар дер шағың.
Басқан алғаш қадамың,
Араласын жер шарын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері