Өлең, жыр, ақындар

О, лирика

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1138
Тұңғиық бір тылсым үннің әлемі,
Жан-жүректің дүрсілінің сәлемі,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Жаңа жауған аппақ қардай әдемі.
Күллі әлемге Тәңірідей сөзі асқан,
Жұлдыз жанған Ай мен Күндей, өзі аспан,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Аппақ қардан гүл бәйшешек көз ашқан.
Қандай ғажап нөсерлеп бір төккені,
Аптабы ыстық өзіңді өртер от демі,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Құстар қайтқан гүл өмірдің көктемі.
Төгілгендей келбетінен иманы,
Бәрі саған, құшағыңа сыйғаны.
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Жапырақты жаз өмірдің дидары.
Жайнауын-ай піскен ару жүзімнің,
Келгенін-ай қайта оралып күзімнің,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Ақырғы дем өмір болып үзілдің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол басы

  • 0
  • 0

Ұйқысы алып далаң ең,
Өткеніңе енді, міне күйінші.
Атағыңа колды соғып бар әлем,
Сұрап жатыр сүйінші

Толық

Теңіз толғауы

  • 0
  • 0

Толқынды — жағалауы құмды Аралдың,
Тағдыры — кермек ащы сырлы Аралдың,
Толқынды, тағдырында туып-өскем,
Шуылын бала кезден тыңдағанмын.

Толық

Еңсеңді көтер! Ертеңге қара! Ертеңге!

  • 0
  • 0

Еңсеңді көтер! Ертеңге қара! Ертеңге!
Ертеңсіз бүгін, Мереке күйін шертер ме!
Болашағымыз — Сұлу да, Әсем, Көркем де,
Тәтті өмір жатыр қауындай құлап өркенге!

Толық

Қарап көріңіз