Бала дауысы – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бала дауысы» атты Шөмішбай Сариев жазған бала туралы өлең берілген.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 994
Шежірелі қарттарым шертер дейтін,
Өмір өзі өзекті өртер дейтін,
Көптен бала дауысын есітпедім,
Күліп-жылап нәресте еркелейтін.
Бір ғажабы балалық жоқ қасымда,
Тіршілік дариясы тоқтасын ба?
Оның өзі бір үлкен бақытың ғой,
Бала дауысын есіту – отбасымда.
Айналайын күні ертең бәрі елес пе,
Бала дауысы өмірдің әні емес пе,
Мейлі жылап, күледі нәрестелер,
Бұл да бір тіршіліктің сәні емес пе?!
Жүзеді айдыныңда көңіл кемең,
Өмір сүр аз күн болсын сенімменен,
Бала дауысы сияқты бұл бір өмір,
Жылап-күліп өтеді өмір деген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері