Өлең, жыр, ақындар

Елбасы жүрген жерлермен...

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 515
Ұлы жерім мен келген,
Дүне ғой тербелген,
Сапар шектім әлемге,
Елбасы жүрген жерлермен!
Ұлтым үшін мақтандым,
Жүртым үшін шаттандым.
Тәуелсіз Елге Ақын боп,
Сапар шегіп аттандым.
Сұлуы көп жерлердің,
Көрген сайын тербелдім.
Кітабым шығып ең алғаш,
Үнді Елін мен көрдім.
Өлеңменен тілдестім,
Ақыны боп мың достың.
Румын елі шақырып,
Эмунескіге үн қостым.
Қазынаны мен қаздым,
Күйін кешіп сырбаздың.
Берлин барып Абайдың,
Көшесінде жыр жаздым.
Керуені – бас көштің,
Жасыма бір жас қостым.
Кітабым шығып Парижде,
Ақындармен бас қостым.
Ие болып сенімге,
Талай ұлттың елінде.
Дария тарих қарсы алды,
Италия жерінде.
Өмір жүйрік жарысты,
Жақын етіп алысты.
Жапон елі көрсетті,
Елбасы сыйы – Барысты!
Тәуелсіз боп жолды аштым,
Асқар таулы жолды астым.
Табаныммен мен алғаш,
Корей жерін мен бастым!
Ризамын өмірге,
Туым шалқып көгінде.
Қуат бітті кеудеме,
Ұлы түрік елінде.
Толқып аққан ағындай,
Бақытты елдің бағындай.
Араб елі – Эмират,
Алдан шықты сағымдай.
Жүрегінен әнді алдым,
Мұсылмани жандардың,
Малайзия Еліне,
Таңырқадым таң қалдым.
Үндесетін Бүгінмен,
Көк байрағым тігілген.
Австрия жерінде,
Тебірендім туыммен!
Келген жанмын ел іздеп,
Мұхитымен егіз көк.
Сингапурдан сағыныш,
Алдан шықты теңіз боп.
Жанды рухпен суардым,
Жүрегіммен ту алдым.
Индонезия мұсылман,
Ұлы Еліне қуандым.
Кең дала ғой кеңдігім,
Алда шығып елдігім.
Ұлы Британ жерінде,
Лондондамын Мен бүгін!
Өмір өзі тамсанды,
Тәуелсіздік жар салды.
Қазақстан көк туы,
Қайда барсам қарсы алды!
Бастағасын жол басын,
Ақын жүрек толғасын.
Қайда барсам құрметпен,
Айтар біздің Елбасын!
Өмір болып өң берген,
Дүние ғой тербелген.
Келемін әлі әлемде,
Елбасы жүрген Жерлермен!..

19-20 шілде 2012 жыл
Лондон – Алматы сапары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көш

  • 0
  • 1

Көш келеді,
Қорқыт бабам қобызы,
Аңызақжел,
құмдар көмген жоқ ізі.

Толық

Амансың ба, көзкөрген

  • 0
  • 0

Амансың ба, көзкөрген,
Дүние мынау өзгерген.
Аға ұрпақтар аялдап,
Жас ұрпаққа сөз берген.

Толық

Таулы шатқал алдымыздан шыққаны

  • 0
  • 0

Таулы шатқал алдымыздан шыққаны,
Бауырында білдім байлық құт бары.
Қазыналы жұмбақтарын жасырған,
Ойдым-ойдым, сілем-сілем қатпары

Толық

Қарап көріңіз