Өлең, жыр, ақындар

Британия империясы

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 670
Жорықтардың жолдар көзі сан сала,
Сан ғасырлар айғақ ізі қалса да.
Аш көзденген қан қылыштан тамса да,
Ұлы Британ иелік еткен отарлар
Қан жусаған Жер бетінде қаншама?!
Британдық қылыштан қан тамған-ды,
Жолдарынан кімдер сірә, сау қалды.
Әлемге қол салуға жол ауған-ды,
Жорық басы семсер сілтеп ең алғаш
Ирландия елін басып алған-ды.
Бұл бір елді айналдырып егізге,
Күллі әлемді назарға алды, негізге.
Қан қақсатып түсті әлемдік көп ізге,
Испания, Голландия жерін енді ойрандап,
Британ елі үстем болды теңізде.
Қатыгездік қаталдығы түске еніп,
Берді елі – жаугершілік қанша ұлды.
Қала берді сағым болып таулары.
Жаулауды да ұлы мақсат іс көріп
Португалия отарымен жаулады.
Британдық империя күшке еніп,
Берді елі – жаугершілік қанша ұлды.
Күллі әлемнің тағаты да, таусылды,
Жараланып жылдар, өтті сан сырлы
Ал, солтүстік Америка құл болып,
Британның табанында жаншылды!
Қан тамдырып жер жаһанға қол салды,
Жорық майдан күллі әлемге жол салды.
Герцогтары дүниеге тамсан-ды,
Отар етіп бір елден соң бір елді.
Лордттары кең сарайда ән салды.
Талай елдер түбірімен тұл болды,
Ағылшындар билеген бір күн болды.
Қыз баласы, әйелдері күң болды,
Ағылшындар аяғының астында,
Испания отарымен құл болды.
Алда талай қырғын соғыс жол жатты,
Әйелдері бала туып толғатты.
Қырғидайын қанаттарын сомдапты,
Француздар билік еткен Канада –
Ұлы Британ үстемдігін орнатты.
Әрбір елдің күтпеген бұл қонағы,
Қылышымен қан қақсатып орады.
Басталғандай тіршіліктің бораны,
Үндістанмен Бенглияны басып ап,
Отар елді осыншалық тонады.
Барша мынау зәресін ап жанның да,
Сауыты елден құты қашты таңның да.
Бәрін алды жоғыменен бардың да,
Көп ұзамай күллі Үндістан бас иді.
Ұлы Британ ұлы күштің алдында.
Қасқыр емес, арыстандай қасқиды
Иттерінің алдына да ас құйды,
Отар елі қашан-қашан жас тыйды.
Британға Австралия тік тұрып,
Жаңа Зеландия тізе бүгіп, басты иді.
Британия жолы болды қайдан да,
Британия айналды ұлы айбарға.
Патшасының көңілін көк жайғанда,
Африканы жаулап алды жер етіп,
Қаралардың туын жығып майданда!
Мазасын ап таулар менен даланың,
Тіршілік бұл екі қабат ананың.
Құлдығы боп жетім өскен баланың,
Бас идірді Британия әскері
Қытайдағы ГонКонгтың аралын!
Әр соғыста бір ғажайып сыр бар ең,
Әрбір майдан қанға батып тұнған ең.
Британға тізе бүкті нұрлы әлем,
Король Георги таққа отырып осылай,
Алдында оның басын иді күллі әлем!
Дәл осылай күллі әлемге аттанды,
Қонған басқа тәңір берген бақ бар-ды.
Қырандайын қанат солай қаққан-ды.
Британия мәртебесі биіктеп,
Ұлы деген жер жаһаннан атты алды.
Британның болатынын жолдың гүл,
Ағылшынға бақ құсы боп қондың бір.
Тәңір қолдап күллі әлемге болдың жыр,
Әлі күнге ұлылығын дәлелдеп,
Астанасы – басын имей Лондон тұр!

21-22 шілде 2012 жыл
Лондон шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төл теңгеміз туралы

  • 0
  • 0

Туымды желбіретіп жел кереді,
Еліме осы еді ғой ең керегі.
Алтын орда заманынан бұл-бұл ұшып,
Тағдырым табыстырған теңгем еді.

Толық

Түнгі он екі соққанын көріп біліп

  • 0
  • 0

Түнгі он екі соққанын көріп біліп,
Кеудемді билеп алды көрікті үміт,
Өмір, саған арнаған өлең жаздым,
Бүгін мен Ертеңімді жолықтырып!

Толық

Мен халқымның жүрегімен жырладым...

  • 0
  • 0

Ерекше Құдай берген бір бағым,
Мен халқымның жүрегімен жырладым.
Ақын болсам, азабыммен ақынмын,
Тұлға болсам, қазағыммен тұлғамын.

Толық

Қарап көріңіз