Бір белгі қалып жатты кез-кезімен
Бұл бетте «Бір белгі қалып жатты кез-кезімен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір белгі қалып жатты кез-кезімен,
Жүрекпен қашып жазып, сөзді өзімнен.
Ғажапқа куә болып екінші рет,
Көрдім мен Абай тойын өз көзімен.
Қабіріне бас идік гүл апарып,
Абай, Мұхтар шыққан жер – ұлы атанып.
Әуезов тойыменен үшінші рет,
Мен тұрдым ұлы жерден қуат алып.
Күй толғап Қаратаудың шертпесімен,
Осымен үшінші рет беттесіп ем.
Ақындар қажысы боп мен оралдым,
Шыңғыстау – ақындардың меккесінен!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі