Өлең, жыр, ақындар

Жел

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Жел-тағдыр жетектейді оңды-солға,
Созасың жеткізер деп қолды сонда.
Ышқынып ызыңдайды желмен бірге,
Жаурады тоңды жүрек, тоңды жолда.
Ашады жел болмаса кім үйіңді,
Есік қағып оятты түн үйіңді
Суреттей тізіліп ирімдері
Жел-тағдыр көз аштырмас құм үйірді.
Далаға жер шақырып көк құдасын,
Көтеріп жыңғылдар да отты басын.
Жел-тағдыр бұлтты бірге ала келіп,
Жаңбыр боп жаһан түзде төкті жасын.
Қаймағы дүниенің бұзылмайды,
Желменен жерде қалған ізің қайғы.
Қобыздай небір ғажап күйді тартқан,
Жел-тағдыр құлағыңда ызыңдайды.
Жел-тағдыр айдауменен анда бардық,
Тоқтаған жерін біздер таңдап алдық.
Жел-тағдыр қайдан тұрса, бізде сонда,
Бұл өмір құпиясы таңданарлық.
Дүние тарлығы бар кең деп еді,
Жанымыз желмен бірге тербеледі.
Білмеймін қайда бізді бастайтынын,
Тағы бір самал желпіп жел келеді...
Жел-әуен, әнін бірге салар ма едім,
Іздесем дала желін табар ма едім.
Тау желіне кеудемді тосып тұрып,
Аңсаймын теңізімнің самал желін!

20-24 қараша, 2012 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шофердің

  • 0
  • 0

Шофердің,
Ұшқыштың да тасқаны ма?
Көңілдер кемерінен асқаны ма?
Құдірет пе?

Толық

Үйіме тағы гүл келді

  • 0
  • 0

Үйіме тағы гүл келді,
Кеудеме менің нұр берді.
Осы емес пе, бақытым,
Бақытын ұстап, кім көрді?!

Толық

Ата мекен - аралым

  • 0
  • 0

Анамбысың, әлде сен бабамбысың?
Аспаныңнан көз салған саған құсың.
Жер-ананың көгілдір жанарындай.
Ата мекен, Аралым, аманбысың?

Толық

Қарап көріңіз