Шөл даланың ұлымын – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Шөл даланың ұлымын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1223
Шөл даланың ұлымын,
Шөл далада көп жүрдім.
Шөл даланың ұлымын,
Шөл даланы төр білдім.
Осы менің мекенім,
Түнде жұлдыз жиі ақты
Шөлдеуменен өтемін
Осы далам сияқты.
Түсіне алмай келем бе,
Құпияңды кең далам
Тамырлары тереңде,
Сексеуілің мен болам.
Тегін саған екпеген
Келген екен кім бұрын?!
Қиындықта көктеген,
Мен де сенің жыңғылың.
Талай арман жетпеген
Жетелейді бір сағым.
Қара жерде көктеген,
Мен де сенің жусаның.
Шөл даланың баласы,
Балбұлаққа жақын боп.
Кетті, міне, қарашы
Шөлдеп жүріп ақын боп.
Жан болғасын жата ма,
Жатқызбас бір бел екен.
Ақындық та сахара,
Бітпейтін бір шөл екен...
Бақыт құсы қонған ба,
Сапар кештім Елменен.
Келем ылғи жолдарда,
Шөліркеген шөлменен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері