Хиуа – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Хиуа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2417
Жанып тұрған сағым оттай
Қызыл шақа жоталарда,
Доңғалағы шаңырақтай
Салдырайды қоқан арба.

Саз дуалдар, Құм аралдар,
Бұлдыраған мұнаралар.
Аттың жұмыр тұяғына
Шаншылған тік шырағдандар.

Барлап тарих дөңгелегін
Сарай ақын жазған жырлар,
Канизактар бөлмелерін
Баққан сырттан азбан құлдар.

Аспаһани қылыш соғып,
Шаң-шұң еткен көк темірлер.
Дәруіштердің шапанындай
Жолақ-жолақ өткен күндер.

Шатырға хан қадап ақ ту,
Ойнақ салған әр күн жауыз.
Қанатымен желпіп аққу,
Сая берген салқын хауыз...

Жаңа Хиуа күмбезімен
Күнге салған жолды ілгері.
Көне тарих музейінен
Көресің тек ол күндерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хиуа өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Хиуа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хиуа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хиуа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері