Жол дәптері – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жол дәптері» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3000
Жол дәптері жанымның
Жазылмаған беттері.
Бар онда Алтай тауының
Асулары, өткелі.

Ең алғашқы жыр болып,
Түсті бұған жел ізі.
Жатты желмен бір қонып,
Бұқтарманың теңізі.

Кереметті көп көрдім,
Жатты сырлар туындап.
Қанатындай кептердің,
Ашылды бұл суылдап.

Бетіне көбік шашылып,
Шомылды жасыл жаңбырға.
Алматыда ашылып,
Сөйледі қайта алдымда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері