Бұл бетте «Аппақ әлем шіркін деп» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аппақ әлем шіркін деп
Көктен төмен бүлкілдеп,
Қар жауып тұр ақша қар,
Әрбір талы үлпілдеп.
О, Құдірет шебері,
Көктен жауып төгеді,
Аппақ көрпе алдыңда,
Жата кеткің келеді.
Бар ма әлемге не дерің,
Білдім аспан төгерін,
Жер Ананың қымтанған
Көрпесіндей көремін.
Дүние кең сыймайсын,
Таза әлемді сыйлайсын.
Алдыңда әсем қар жатыр,
Табаныңа қимайсың.
Аппақ қар ғой ақ мамық,
Көктен жауған бақ дарып,
Жатқандайын дүние,
Аспан ішін ақтарып.
Бұлғаңдайды күлкілі,
Ойнақтатпай түлкіні...
Маған бақыт сыйлады,
Қыстың әсем бір күні!..
24 наурыз 2014 жыл
Алматы шаһары
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі