Тәуелсіздік таңы – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Тәуелсіздік таңы» атты Шөмішбай Сариев жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1584
Тәуелсіздік таңы,
Қазағымның бағы.
Төрт құбыла түгел,
Жанған жарық шамы.
Тәуелсіздік таңы,
Қазағымның жаны.
Бостандықта халқым,
Бақытты бір шағы.
Тәуелсіздік таңы,
Ар-ожданы ары,
Қазағымның зары,
Бар бақыты бәрі.
Тәуелсіздік таңы атты,
Қыран қақты қанатты.
Орнатты елім өзіне,
Пейіш жұмақ жаннатты.
Қазағыма, халқыма,
Тәуелсіздік таңы атты!

26 қаңтар 2011 жыл
Астана қаласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері