Абайдай жазсам-дағы Абай демес – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Абайдай жазсам-дағы Абай демес» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1266
Абайдай жазсам-дағы Абай демес,
Өтті ғой талай дүбір, талай кеңес.
Ақындық Ел отырған айналада,
Ақындық патша отырған сарайда емес.
Күн батып, жұлдыз шашқан түні елге,
Бәрі қанық, бір Тәңір ұлы Иеге.
Абайдай жазсам-дағы Абай демес,
Шөмішбай боа қалармын дүниеде.
Абайға жету қайда, Абай алыс,
Жолменен келе жаттым талай таныс.
Әлі де талай ақын сан мың жырмен,
Бұл дүние бақытын сан айтамыз.
Кең байтақ далам-сынды көңіл жазық,
Өлеңің мәңгі бақи өмірге азық.
Біз-дағы бір өзінше жұлдыздармыз,

26-27 қаңтар 2011 жыл
Алматы – Астана сапары.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері