Өлең, жыр, ақындар

Иран еліндегі төтенше және өкілетті елшісі ӘМІРЕЕВ Бағдат Құлтайұлына арнау жыр

  • 15.04.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Көкейіме бір шабыт құйды арманым,
Мен дағы не болар деп қиналғанмын.
Душанбе, фестивальға қатыстым да,
Памирдің бір-бір шыңын сыйға алғанмын.
Әрбір сөздің атылса – көзі мерген,
Жарасты ма білмеймін сөзім елмен.
Ұлы Памир шыңының бір биігін,
ТҰРСЫН ЗАДЕ ұлы ақын өзі берген.
Түні бойы жүрегім тыным алған,
Туғасын бозара атып күнім алдан.
ӘМІРЕЕВ БАҒДАТ баурым ҚҰЛТАЙҰЛЫ,
Өзіңе жыр арнадым бүгін таңнан.
Қалмау үшін күресіп қара көштен
Желменен бірге оянып далада ескен,
Тәжік елі – Душанбе түлегісің.
Памирдің тауларына қарап өскен.
Не болар деп ертеңім қиналғансың
Сен дағы Памирден бақ - сыйға алғансын,
Бұл күнде бізден алыс БАҒДАТ баурым
Ислам туын тіккен Ирандасың.
Болар ма қоян-қолтық өмірге енбей.
Кездеспей, басылар ма көңіл көрмей,
Бақытты мен тілеймін үш балаңа,
Қашанда Елбасының жолын бергей!
Қайнар бұлақ – ұлтыңнан көз алғансың
Қатарыңнан оқ бойы оза алғансың,
Араб пен парсы тілін меңгергенсін,
ХАФИЗ ақын тілімен сөз алғансың.
Ғаламдасу ордасы – кеңшіліктің
Құрғандай дәстүр-салтын көршіліктің,
Сауд Араб елі, Кувейт, Оман,
Жерінде туын тіктің Елшіліктің.
Тірлікте өтпеу үшін өмір текке,
Жеткендей құлаш ұрып көңіл көкке.
Әлемнің жеті ұлысы – Пирамида,
Елшілік туын тіктің Египетте.
Кәдімгідей мамансың қиналмассың
Аллаң мен Құдай берсе сыйға алмас кім,
Өзіңді қолдап-қостап Түрік елі,
Бұл күнде төрлеп басып, Иранға астың.
Тербетіп теңіз желі, саз бен самал.
Болмады он тәулігім – аз күн маған,
Риза боп Бағдат інім бұл өлеңді,
Вавилонның бағында жаздым саған.
Артық не бар ақынның лебізінен,
Өз жолың бар өмірдің кең ізінен,
Жолдаймын поэзия толқындарын,
Түріктің ұлы Эгей теңізінен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан

  • 0
  • 0

Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан
Ақынның не амалы бар сырды ашқаннан.
Жұлдыз-ай жарық ойлы өлең жазам
Тұмшалап жан-жағыңды мұң басқаннан.

Толық

Тәуелсіз ел – қазағым...

  • 0
  • 2

Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары — тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап Ұлы Далам кеңіді.

Толық

Алла атымен...

  • 0
  • 0

Ойға оралып небір сыр
Тай-құлындай дүбірлес,
Алла атымен өмір сүр,
Алла атымен ғұмыр кеш.

Толық

Қарап көріңіз