Үміт

Бұл бетте «Үміт» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 739
Гүл көмкерген жұмағыңның ермегі
Күміс көмей сандуғашым бар менің.
Бірақ оның сәби талға қонақтап,
Бір де күндіз сайрағанын көрмедім.
Жаны туыс кеудедегі дүрсілмен
Қызыл орай құмыр құстың күрсінген.
Қанаттары алтын тозаң сепкендей
Салады еске таңғы бұлтты нұр сіңген.
Ауысқандай басқа өмірге кеңірек,
Тыныш түнге оранғанда төңірек,
Жан-жүйеңді шымырлатып, шіркін-ай,
Сайраудайын сайрайды-ау ол не керек!
Кек мұхиттай алай-дүлей тулап іш,
Ауыр мұңды лақтырады бұла күш.
Сол бір әуен қонағыңдай қымбатты
Көңіліңе әкеледі қуаныш!
Түте-түте болған кезде түбіт көк,
Әнге ғашық жүрегіңді жібіт деп,
Жан-жүйемді елжіреткен үні үшін
Бұлбұлыма ат қойдым мен үміт деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері