Қандай қатты мына қыстың қарымы – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Қандай қатты мына қыстың қарымы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 735
Қандай қатты мына қыстың қарымы.
Естіледі жел көтерген зар үні.
Ол - марқұмның жаназасын шығарған
Шіркеудегі қоңыраудың сарыны.
Осы дыбыс аспан астын толғайды.
Өліге ізет тірілерге - сол қайғы.
Боп-боз болған жас қабірдің басында
Қаза гүлі көздің жауын алмайды.
Тыңдағандай шерге толы өлеңді,
Азалы әуен түршіктіріп денеңді
Хабарлайды бір азаптың біткенін,
Бір азаптың басталғанын енді-енді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері