Санасыз тірлік құлы етіп – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Санасыз тірлік құлы етіп» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1159
1
Санасыз тірлік құлы етіп,
Жаратқан болса тәңірім.
Қайдағы жоқты тілетіп,
Жүргізбес еді-ау әмірін,
Іске де қолдан келмейтін,
Ұмтылтпас еді-ау ол дейтін
Қылаусыз күйді бұл күткен,
Іздетпес те еді ол енді,
Шынайы ләззат дегенді,
Білмей-ақ кетсек тірліктен.

2
Бір сезім бар-ау кеудеде,
Нәпсің де содан іркілді.
Болғандай тәңірі деуге де,
Қастерлі үміт, шіркінді.
Жер-көктен нені көкседің,
Арқасы дер ем тек соның
Періштең болып кездескен
Ынтызар жанның барлығын,
Тартқызған тұңғыш зар-мұңын
Кететін қайта сезбестен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері