Райхан гүлдей балбұл жанған – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Райхан гүлдей балбұл жанған» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 825
Райхан гүлдей балбұл жанған,
Сәуледей әсем таңертеңгі;
Суретіңдей Рафаэль салған,
Үнсіз үні сыр шертеді.
Тәкаппар қыз тағдырға күң,
Қылығынан таппайсың мін.
Жаралған қыз бақыт үшін,
Алдырмайды оңай ішін.
Қауым, бірақ, құртпас кімді,
Аяулы жан тартар жүдеу;
Тәлпіш етіп әдептіні,
Рахатқа батар біреу.
Маска киген сұлу қызға,
Жаутаң қағар талай қызба.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері