Шайқас – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Шайқас» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 662
Ойқастап аспан өр төсін
Төбемде бір күн самғады –
Тәңірінің екі еркесі
Шартпа-шұрт келіп қалғаны.
Біреуі - қара киінген,
Ақсауыт киген - жастауы.
Қараны көріп шүйілген
Жастауын аяй бастадым.
Тұлпарлар көкте тарпысып,
Тұяқтан ұшқын жарқ етті,
Жас жігіт атқан жай түсіп,
Қарасы жерге жалп етті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері