Екі алып – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Екі алып» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 885
Алтын қалпақ басында,
Қарт алыбы орыстың,
Тас түйілді тосуға
Жат батырын алыстың.
Тау, даланы жаңғыртып
Оның жайы болды сөз,
Жүрді екеуі құмартып
Шайқасуға, болып кез.
Дүрілдетіп соғыспен
Келді үш жеті қайсары;
Жаудың тәжін ол күшпен
Жұламын деп байқады.
Орыс батыр оған құр
Езу тартып жымиды:
Сілкіп еді басын бір...
Қайсар "аһ" деп жығылды.
Жығылды алыс теңізге,
Жан көрмеген тасқа ұрып
Кек толқынды елсізде
Дауыл жатыр сапырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері