Су перісі

Бұл бетте «Су перісі» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1055
1
Су перісі жүзді өзенде көк мөлдір,
Толықсып ай төбесінен төккен нұр;
Құлашымен толқынды кеп соғады, -
Ақ көбікті айға шашпақ болады.

2
Өзен шулап, дөңбекшиді гүрілдеп,
Бұлт суреті толқынында дірілдеп;
Су перісі ғажап әнді салады,
Әсем үні жаңғыртады жағаны.

3
Оның әні: "Түбін көрсең суымның
Жарқыраған сәулесі ойнап тұр күннің;
Жарысып жүр алтын балық андыздап,
Қалалар тұр хрустальдан салғызған.

4
Судыраған құмды жастап басына,
Көлеңкелеп көк өрімдер астында,
Жатыр сабаз толқын айдап әкелген,
Батыр екен келген мұнда жат елден...

5
Ынтық болып, түнде барып талай біз,
Ширатылған жібек шашын тараймыз,
Талай-талай, шаңырқап бір шаңқай түс,
Бетінен де, аузынан да сүйгенбіз.

6
Қанша сүйсең құмарланып, ләм демей,
Жатады құр суық, салқын, үндемей.
Жатады ұйықтап, бетін беріп төсіме,
Демін алмай, сыбырламай түсінде".

7
Деп ару қыз көк өзенде төкті өлең,
Көңілін қозғап әлденені көксеген;
Жатты жосып өзен суы гүрілдеп,
Бұлт суреті толқынында дірілдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Су перісі өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Су перісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Су перісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Су перісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері