Өлең, жыр, ақындар

Өліктің махаббаты

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 850
Сұп-суық топыраққа
Қалсам да көміліп,
Өзіңнен еш уақытта
Кеткем жоқ бөлініп!
Махаббат құмары,
Орын ап көрімнен,
Тыншығар жерде әлі
Шықпайды көңілден.
Өлерде михнатқа
Қорықпай көніп ем,
Батпақ ем рахатқа –
Айрылмай қойдым мен.
Бейнесіз нұр сәуле
Көрдім де көкседім,
Көркіңді әуеде
Көргенім жоқ сенің.
Құдайдың қайтпекпін
Нұры мен ұжмағын?
Онда өзім әкеттім
Жерімнің құмарын.
Арманымды аялап
Әмісе жалғыз бір,
Тірімдей мен қалап,
Қызғанам, жылап құр.
Тисе дебетіңе
Біреудің демі кеп,
Құса боп дертіңе
Кетемін дірілдеп.
Қапыда қалғып бір
Айтсаң да өңгені,
Өрт болып сөзің бұл
Шарпиды кеудені.
Өзгені қолқалау
Ойыңнан арылсын,
Өліктің, сөзім хақ,
Некелі жарысың.
Жалыну, қорқақтық –
Не демеу ол саған?
Дүние мен рахаттың
Керегі жоқ маған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

КН. Л. Г-ге

  • 0
  • 0

Мұң шағып саған имандай
Жатса да тиіп сезімге,
Біріне соның иланбай
Бас шайқап тұрған кезінде,

Толық

Өкініш

  • 0
  • 0

Бекерге бүліне берме сен,
Тағдыр ма бөлген іргені?
Шығарда жаны бірге еді,
Өзіңнен өзің көрмесең.

Толық

Шырқаса ару - балқып үн

  • 0
  • 0

Шырқаса ару - балқып үн
Ерніңнен келіп өпкендей.
Жанарда - аспан толқып тұр
Төңкере қарап өткенде.

Толық

Қарап көріңіз