Жақпар – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жақпар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 890
Бір күні бұла бұлт келіп
Түнеді жақпар өрінде;
Таң ата кетті ол сырт беріп
Ойнақтап зеңгір төрінде.
Жақпардың қатпар жүзінде
Еріннен дымқыл тап қалды.
Томсарып шалғай дүзінде,
Мөлтілдеп көзден жас тамды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері