Өмір түбі – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Өмір түбі» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2070
Өмір - теңіз,
Адам толқын жүгірген,
Жұлып алған,
Терек, талды түбірмен.
Долданғанда,
Аппақ басын тасқа ұрып -
Шым батады,
Терең жерге -
Түңілген!
Түңіледі - тірліктегі бәрінен,
Жаңылысып жүректегі - әнінен.
Кереңдердің,
Күншілдігі - күдігі
Қаскөйлігі -
Жібімеген, көнінен!
Өмір -кейде,
Өзімшілдің қолында,
Жалмауыздың, Екіжүздің -
Тағында.
Жұтаң - Елі,
Түңілдірер - Пендесін,
Бақа сисе,
Басындағы - бағына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері