Ұнатамын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұнатамын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Мөлдір кездер мың-мыңдаған
Арасынан ұнар көзін
Қарап, танып жалындаған
Оқысын да жүрек сөзін.
Қою кірпік несіне сен
Перде болып жасырасың,
От болаттар ұшырасып,
Өрт боп ұшқын шашырасын.
Ұнатамын қос жүректің
Қобалжусыз жарасқанын.
Ұнатамын адамдардың,
Қиыса алмай қарасқанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері