Бесігің ауыл – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Бесігің ауыл» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 779
Бесігің ауыл екенін қор боп сезбесең,
Отаның ауыл дегенге сорлап сенбесең,
Кіндігің кесіп, арманын жесіп атанды,
Ер еткен елі ауылы деген сөзге сен.
Ауылым менің азғантай ғана үй еді,
Ерекше оны елжірей жүрек сүйеді.
Сол жерде жатыр бабам мен анам мүрдесі,
Сол жерде жатыр әкемнің асыл сүйегі.

Ақтау. 16.08.05.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері