Жайлауда
Бұл бетте «Жайлауда» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
"Төре жайлау", қауыштым мен сенімен,
Сұлулықтың, апырмай, сен шегі ме ең!?
"Мүсілім сай" бастауы - қарт әженің,
Иіп кеткен ұлына емшегі ме ең?
Мөлдірін-ай, балқайнар, суы мұздай,
Ой қосады ойыңа, шуы бұзбай.
Құрдас құйған бал қымыз, бабындағы,
Табиғаттың сап-сары уызындай.
Махаббатым ерекше жерге менің,
Оймен көрем көп жанның көрмегенін.
Толқи соққан жүректің дүрсілін-ай,
Қуат берген исі ме дермененің!?
Жанын ұқшы ұшпаққа шыққан жанның,
Мен құлымын өзімді ұққандардың.
Қас жауымын еңсесі езілгеннің,
Сезім көзін жұмып ап бұққандардың.
Шыңнан биік шырқаған шыршасын-ай!
Жотасын-ай, жатырған бұлт асырмай!
Сан күлкілі бұлағы — күй атасы,
Даурықпа емес, сес берер, құр тасырлай.
Сезім менен жан-тәнім гүлденесін,
(Жүргендер бар арқалап құр денесін).
Алаң етіп, ақымақ, ойды бұзды,
Анау айғыр білемдеп бірдеңесін.
Тез қанады жайлауда шөл дегенің
Тап-тазамын, мінім жоқ, емге менің.
Көк мұнар боп шалқиды сезім-теңіз,
Капитаны өзімдей жер-кеменің.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі