Арман – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Арман» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 6630
Арман,
Үміт,
Күтумен
Айлар,
Жылдар өтеді.
Ашу,
Сүю,
Күлумен
Келер күнге - жетеді.
Адамға тән жақсылық,
Аяғыңның астында.
Арам ниет аңшалық
Жасайсың тек қасқырға.
Парақорда алаяқ,
Айла, тәсіл жетеді.
Ащы өмірде - қу таяқ
Кедейді ұрып кетеді.
Бәрі, бәрі күтеді
Келер күннен үмітін.
Қысқа ғұмыр өтеді
Емексітіп күні - түн!


Пікірлер (1)

Венера

Керемет жарайсыз

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері