Сақта өзiңдi, сақта сен!

Бұл бетте «Сақта өзiңдi, сақта сен!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1376
Сақта өзiңдi, сақта сен!
Жасыңды төгер жер iздеп,
берiлме мұңға, берiлме.
Тұратын күтiп сенi iздеп
керексiң мынау өмiрге.
Сақта өзiңдi, сақта сен!
Өмiр бар сенде,
сондықтан
өзiңдi-өзiң көтер де,
iзiңдi жауға аңдытпай
алып шық қауiп-қатерден.
Дүрмекке емес,
сенделiп
жүретiн күнде жүз тойлап,
тiрлiкке керек сендегi
отыз жастағы күш-қайрат.
Тау менен дала, орманның,
жапырақтардың үнiнен,
жабайы өлке, жондардың
қырмызы мың сан гүлiнен,
жүректен, өзек, жанардан,
дәндерден, тұқым, ұрықтан,
аспаннан, жерден жаралған
өлең бар сенде – ұмытпа!
Сақта өзiңдi, сақта сен.
Қорықпа, қайтпа, сескенбе.
(Дегенмен, керек ұққаның).
Жойқын бiр төбелестерде
шық өзiңдi құтқарып.
Қатал бол ендi темiрдей,
өшiп сен кетпе бiр күнi, –
өлiмiң емес өмiрге,
тiрлiгiң керек, тiрлiгiң.
Сақта өзiңдi, сақта сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сақта өзiңдi, сақта сен! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сақта өзiңдi, сақта сен! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сақта өзiңдi, сақта сен! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сақта өзiңдi, сақта сен! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері