Өлең, жыр, ақындар

Сымдар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 541
Бойыңа сырлар бүккенсiң
өзiңде ерен ағын бар.
Иiрiлген болат жiптерсiң
зауыттың ұршықтарында.
Байланып темiр бағанға
созылар сенiң құлашың.
Көшелер менен даламда
шуылдап, сыңсып тұрасың.
Түк емес алыс аралық
жарықты жағып бересiң,
резiңкелерге оранып
үйлерге кiрiп келесiң.
Сендердi тыңдап келемiн,
өртең бар қазiр ойымда.
Оттарым, әнiм, өлеңiм
ағады сенiң бойыңда.
Жалғайсың елдi бiр елмен
жетектеп алып қызық сыр.
Кеңiстiктерде шiренген
құпия, жұмбақ сызықсың!
Сендегi ағыс телегей
тереңсiң түпсiз сырларға.
...Осының бәрiн елемей
қонады қараторғайлар
ток жүрiп жатқан сымдарға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек

  • 0
  • 0

Аллатағала!
Мен қазiр
Жалғыз қалғандаймын!
Тiлейтiнiм:

Толық

Өмір сүріп жатырмыз

  • 0
  • 0

Өз еркiмiзбен
Кiрер түндердi көбейтiп,
Көрер күндердi азайтып
Өмiр сүрiп жатырмыз.

Толық

Қайдан пана табам?

  • 0
  • 0

Желдiң iшiне кiрiп барып ем
Жел менi қағаздай қиқалап
Жырта бастады;
Ормандарға тығылып ем –

Толық

Қарап көріңіз