Антенна – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Антенна» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 770
Өз бойынан өткiзген тасқын, ағын
экранның алдында қаншама рет,
Қаншама рет күлдiм мен, жас бұладым, –
селтиiп тұрғанда сен бұрышымда
сезiмтал, сергек менiң қос құлағым.
Жасырмайсың жұрттан сен тамшыдай сыр.
Әуелдегi толқында дүрмек болса
әлденеге әуре боп, әбiгер боп
қос құлақты созасың, қайшылайсың.
Жаңалықтың сусындап қайнарынан,
сыр тартасың қаладан, қойлы ауылдан.
Құлағыңды тiгесiң күндiз-түнi
экран мен эфирдiң шуға толы
көгiлдiр жайлауына!
Қамығайық мұңайып, не күлейiк –
экранға қадалып емiнейiк...
Қалт жiбермей қимылын дүниенiң,
тұр антенна үйiмнiң бұрышында
қос құлағы селтиiп, едiрейiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері