Жалтырайды тақырда жауын қағы – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жалтырайды тақырда жауын қағы» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2019
Жалтырайды тақырда жауын қағы,
Жаңарып сала берді ауыл маңы,
Сілкілеп етек-жеңін, тоғай тұрды
Қол ұстасып,
Көк бұтақ бауырлады.
Көз тартып асқақтайды, тауым-дағы,
Батпақтан жатыр сайда дауыл шаңы.
Үреді көз ұшында қарайғанға
Ит атасын танымас-ауылдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері