Мереке күнгі кеште – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мереке күнгі кеште» атты Темірхан Медетбек жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 840
Шығайық, жаным, үйде ендi босқа қамалмай,
қайтайық шалқып жуынып жұмсақ самалға,
толқын да толқын адамдар қаптап ағылған
барайық үлкен алаңға.
Бәрiн де таста!
Жүрсеңшi ендi барайық.
Күтiп те қалған шығар-ау бiздi халайық.
Сонау бiр күнi ренжiп кеткен доспенен
достасып қайта алайық.
Жанайық шалқып,
алмайық жанды жүдетiп,
тұстар бар әлi
бiздерден сәуле күтетiн.
Сыйлайын саған
iлiнiп жатқан аспанға
салюттiң барлық букетiн.
Жүршi сен, жаным,
тезiрек ендi жетейiк.
Жұртпенен бiрге толқын боп бiз де өтейiк.
Сонан соң аппақ прожекторлардың жолымен
аспанға шығып кетейiк!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері