Өлең, жыр, ақындар

Күзгі сурет

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 884
Алтын күз бұл –
сағыныш деп аталар.
Сағыныштан жүрек,
санаң от алар.
Ұшып жатыр
бұтақтардан жапырақ –
ұшып жатыр
бұтақтардан ноталар.
Ақ ниетпен айқара ашып кеуденi
берiлiп бiр тыңда оларды,
кел берi!
иiр-иiр бұтақтардан бұрқырап
ұшып жатыр...
күздiң ғажап әндерi.
Ағаш бiткен алып менi ортаға
бара жатыр елiктiрiп,
қолқалап.
Үйiрiлiп ұшқан саздар қонады
торғайлардай иығыма,
арқама.
Дәл осы сәт ғажап сиқыр түсiмдей
Жүзiп келем өзiме өзiм түсiнбей –
дәл төбемнен сыңғыр-сыңғыр төгiлiп
жауып жатқан ноталардың iшiнде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамбурдағы ән

  • 0
  • 0

“Отырар” поезының
Тамбурында —
Басқа жер
Құрып қалғандай! —

Толық

Қайран қазы-билерім

  • 0
  • 0

Бiреулер атқақтап кеп
Оларды
Тоқтатпақ болған.
Сол кезде билерiм

Толық

Сымдар

  • 0
  • 0

Бойыңа сырлар бүккенсiң
өзiңде ерен ағын бар.
Иiрiлген болат жiптерсiң
зауыттың ұршықтарында.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар