Жылдамдық

Бұл бетте «Жылдамдық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 986
Жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Дене қызып, мың өртенiп, мың жандық,
Зуылдайды төбемнен де, жанымнан
жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Жылдамдықтар – дәл осы сәт күшiнде,
бiлiп ал сен мұны мықтап түсiн де.
Көк аспанмен ағып бара жатасың
жылдамдықтар салонының iшiнде.
Зуылдайсың ертектегi жындарша,
жатыр онда жазылмаған жыр қанша.
Көкжиекке сiңiп жоқ боп кетесiң
найзағайлар көзiн ашып-жұмғанша.
Ендiктер бар кесiп әлi өтпеген,
бойлықтар бар мен көрмеген көптеген.
Жас ағызып жылдамдықтың көзiнен
заулап барам, заулап барам көкте мен.
Жақын қалды «ә» дегенше қарашы –
қашықтық пен қашықтықтың арасы...
Сорғалаған жұлдыздармен көктегi
соқтығысып қалар ма екем мен осы?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылдамдық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жылдамдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылдамдық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылдамдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері