Жұғымды адам

Бұл бетте «Жұғымды адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Жұғымды адам, балдай тәттi жұғымды.
Тұла бойы түсiнiктi, ұғымды.
Сырлас жандай – ашпасаң да сырыңды.
Мұңдас жандай – айтпасаң да мұңыңды.
Жоқ секiлдi мұнары да, тұманы.
Таусылмайды төзiм менен шыдамы.
Қай кезде де ықыласпен иiлiп,
Қай кезде де күлiмсiреп тұрады.
Жаңа ашылған гүлдей болып реңi,
Сырлы саз боп төгiледi тiлегi.
Iштегiңдi ишарадан сезiнiп,
Ойдағыңды емеурiннен бiледi.
Ол түспейдi қанжар болып қайраққа,
Оған жат қой айбарың да, айбат та.
Қай кезде де жұп-жұмсақ боп тұрады
Тоқаш нандай малып алған қаймаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұғымды адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жұғымды адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұғымды адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұғымды адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері